31.05.2011, 11:02 6968

Қазақстанда 2011 жылы электр қуаты 625 мВт-ке дейін арттыру жоспарлануда

Оның сөзіне қарағанда, 2009-2010 жылдары Қазақстанның энергетика саласына бағытталған инвестицияларды игеру көлемі 750 млн-нан астам долларды құраған. Осы уақыт ішінде электр энергиясы қуатының өсімі 200 мегаватты құрады.

Астана. 31 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2011 жылы электр қуаты 625 мВт-ке дейін арттыру жоспарлануда. Бұл туралы бүгiн үкiметтегi селекторлық мәжіліс барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице- министрi Альберт Рау мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Ағымдағы жылы Мойнақ ГЭС-нен 300 мегаватт, Еуразия энергетикалық компаниясы есебінен 325 мегаватт өсім (электр энергиясы қуатын) болжануда", - деді А. Рау.

Оның сөзіне қарағанда, 2009-2010 жылдары Қазақстанның энергетика саласына бағытталған инвестицияларды игеру көлемі 750 млн-нан астам долларды құраған. Осы уақыт ішінде электр энергиясы қуатының өсімі 200 мегаватты құрады.

"Инвестициялық келісімдер шеңберінде ағымдағы жылы өсімді 400 мегаватқа жеткізуді көздейтін 130 млрд теңге инвестицияланады", - деп хабарлады А. Рау.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны