13.05.2014, 20:54 1402

Қазақстанда 2020 жылға қарсы тікұшақ өндіруді оқшаулау жұмысын 30%-ға жеткізу жоспарланған

Қазіргі таңда бірлескен кәсіпорын зауытында көпсалалы ЕС 145 тікұшақтарын қарастыру, оны бояу, медициналық құрал-жабдықтарды орнату, қосылған құрылғылар мен жүйелерді икемдеп, тестілеуден өткізу, сондай-ақ, ұшу сынағы жүзеге асырылады.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстанда 2020 жылға қарсы тікұшақ өндіруді оқшаулау жұмысын 30%-ға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы "Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" бірлескен кәсіпорын БАҚ өкілдеріне арнап ЕС 145 тікұшақтарын құрастыратын зауытымен танысу баспасөз турында мәлім болды.

Халықаралық "KADEX-2014" қару-жарақ пен әскери - техникалық мүлік көрмесінің қарсаңында "Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" бірлекскен кәсіпорын БАҚ өкілдеріне арнап ЕС 145 тікұшақтарын құрастыратын зауытымен танысу баспасөз турын ұйымдастырды.

"Жинау жұмыстары 2011 жылы жолға қойылды. Осы уақыт аралығында ЕС 145 тікұшақтарының 20 данасы шығарылды. ТЖМ мен Қорғаныс министрлігінің 40 ұшқышы оқудан өтті. Алғашқы ұшқыштар Германиядан білімдерін жетілдіріп қайтты. Қазіргі таңда ҚМ мен ТЖМ ұшқыштары бізде ұшу теорияларын оқуда. Иуемеханиктері Германияда Техникалық академия жанындағы "Еурокоптер" зауытында білімдерін жетілдіруде. Өйткені бізде әлі де болса өзімізде оқыту үшін рұқсат беретін құжаттар толық жиналып біткен жоқ. Осы жылдың соңына қарай аталмыш мәселені шешетін боламыз", - дейді кәсіпкерліктің қауіпсіздік бастығы Мұхамедқали Қазамбаев.

Қазіргі таңда бірлескен кәсіпорын зауытында көпсалалы ЕС 145 тікұшақтарын қарастыру, оны бояу, медициналық құрал-жабдықтарды орнату, қосылған құрылғылар мен жүйелерді икемдеп, тестілеуден өткізу, сондай-ақ, ұшу сынағы жүзеге асырылады.

Баспасөз туры барысында зауыттың механиктері кезең-кезеңмен құрастыру сызбасымен таныстырды, ал бояушылар бояу цезін көрсетіп, техникалық персоналдар тобы ұшақжайлар мен шеберханалардағы жұмыстарымен таныстырды.

"Алдағы уақытта тек ЕС 145 емес, сонымен қатар ЕС 649 тікұшақтарын да шығара бастамақпыз. "Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС кәсіпкерлігі біздің Бас қолбасшымыздың бастамасы. Біздегі барлық заманауи құрылғылар шет елден әкелінген. Тікұшақ жағдайына бақылау жасайтын құрылғылар жүйелі қызмет көрсету жұмыстарын жасайды", - дейді ол.

Мамандардың айтуынша, зауытта тікұшақтарды құрастыру жұмысының көлемі ұлғайып келеді. Болашақта кәсіпорын динамикалық жүйелер мен редукторларды құрастырып, радионавигациялы құрыл-жабдықтарды, артқы антенналар, авионика жүйелері мен электр өткізгіштерді орнатуды жоспарлауда. Алдағы 6 жылдың ішінде өнімді оқшаулау жұмысын 30 пайызға жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, "Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" техниктер мен ұшқыштарды ТМД және Орта Азия аймағында ағылшын және орыс тілдерінде оқыту ісін жүзеге асырады.

Қазақстан мен Орта Азия аймағында ұшу және техникалық құрамды оқыту орталығы ЕС 145 тікұшағында техниктер, авиониктер мен ұшқыштарды орыс тілінде дайындайтын әлемдегі жалғыз орталық болып саналады.

Халықаралық "KADEX-2014" қару -жарақ пен әскери - техникалық мүлік көрмесі қазақстандық тұтынушымен қатар, шетелдік тұтынушыға да өз өнімін таныстыруға мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн. Аталмыш көрме 22-25 мамыр аралығында Астанада өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны