03.04.2009, 17:36 3701

Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап сүт өндірісіне қойылатын талаптар күшейтіледі - АШМ

Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап сүт өндірісіне қойылатын талаптар күшейтіледі - АШМ

Астана. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап сүт өндірісіне қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде сүт өндірісі саласының бәсекелестік қабілетін көтеру мәселесіне орай өткізілген конференцияда мекеменің вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2009 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа стандарт күшіне енуге байланысты сүт өндірісіне қойылатын талаптар күшейтіледі", - деді А. Евниев.

Оның айтуынша, жаңа стандартты енгізу елімізде шығарылатын сүт өнімдерінің сапсын айтарлфқтай көтеруге септігін тигізеді. Қазір техникалық регламенттерді жасау және кәсіпорындарды халықаралық сапа стандарттарына көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үкіметтің отырысында "Сүт және сүт өнімдері қауіпсіздігінің талаптары" жөніндегі техникалық регламентке өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы үкімет қаулысының жобасы мақұлданды.

Бұл жоба тұтынушылар мен отандық тауар өндірушілерді сырттан келетін сапасыз әрі жасанды өнімдерден қорғау мақсатында дайындалып отыр.

Жобаны дайындау барысында Еуропалық Одақ елдері, Ресей Федерациясы және басқа да елдердің тәжірбиелері ескерілген.

Соның нәтижесінде, сүт және сүт өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жобадағы терминологиялық сөздікке мынадай мағына беретін: қалпына келтірілген сүт, шикі -сүт, сүт өнімі, сүт өнімі емес қоспалар және т.б сөздер енгізілді.

Сондай-ақ, сүт және сүт өнімдерін дайындау кезінде туындайтын қатерлі және қауіпті факторлар анықталып, өнімді таңбалау талаптары күшейтіліп, әрі бұған теңдестіру бөлімі қосылды.

Бүгінде азық-түлік нарығындағы адам ағзасына қажетті табиғи және пайдалы тағамдар мен бірге ішкі нарықта (жасанды, құрамында табиғи емес компоненттері бар) техникалық реттеу заң талаптарына және тағам қауіпсіздігіне кері әсер беретін сапасы күмәнді тауарлар да кездеседі.

Сүт және сүт өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық регламент сүт және сүт өнімдері, оның ішінде теңестіру көрсеткіші мен атауының сәйкестігін анықтайтын "Сүт және сүт өнімдерін теңдестіру" туралы жаңа бөліммен толықтырылды. Егер сүт және сүт өнімдері белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін болса, онда өнім кері қайтарылады.

Жалпы, техникалық регламенттің қазіргі нұсқасында өнім туралы нақты ақпарат, оның құрамы, сапасы мен сипатын көрсету жөнінде талап бар, ал қайта қаралған жобада тұтынушы сатып алғысы келген сүт немесе сүт өнімдеріне қажетті ақпараттың нақты әрі анық жазылуы туралы талап қайта күшейтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны