18.02.2013, 16:14 3621

Қазақстанда ақпан айында орташа айлық жалақы 7,6% артты

Қазақстанда 2013 жылдың қаңтар айында бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 99 мың 152 теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар айындағысынан 7,6% артық.

Астана. 18-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ақпан айында орташа айлық жалақы 7,6% артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2013 жылдың қаңтар айында бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 99 мың 152 теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар айындағысынан 7,6% артық.

Реалды түрде есептік мерзімде жалақы сәйкесінше 0,9% өсті, делінген статистика жөніндегі мемлекеттік агенттіктен таралған хабарламада.

Салалар бойынша ең жоғарғы жалақы тау кен өнеркәсібінде- 178,2 мың теңге ( орташа республикалық деңгейден 1,8 есе жоғары), кәсіби және ғылым мен техника саласында - 197,8 мың теңге (2 есе), қаржы және сақтандыру саласында - 178,4 мың теңге (1,8 есе).

Ең төмен жалақы село, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінікі - 47,4 мың теңге, бұл орташа ел бойынша алғанда 52,2% төмен.

Аймақтар бойынша алғанда ең жоғарғы жалақы Атырау облысында - 174,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге артық. Солтүстік Қазақстан облысында 69,4 мың теңгені құрады, бұл елдегі жалақының орташа деңгейінен 30% төмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны