01.03.2011, 14:11 4014

Қазақстанда ақпан айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 15 338 теңгені құрады

Қазақстанда 2011 жылдың ақпан айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 15 338 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 1 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2011 жылдың ақпан айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 15 338 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 4,7, 2010 жылғы ақпанмен салыстырғанда 23,3 пайызға өсті",- деп хабарлайды агенттіктен.

"Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,3, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 16,1, жемістер мен көкөністерге - 13,7, нан және жарма өнімдеріне - 8,1, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,8 пайызды құрады", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, күнкөрістің ең төменгі деңгейі қаңтар айында 14 644 теңгені құраған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны