01.04.2013, 17:02 3446

Қазақстанда әртараптандыру шеңберінде бидайдың егіс алқаптары 3,5%-ға қысқарады

"Астық дақылдары 15,9 млн га орналасады, оның ішінде бидай 13 млн га. Бидай алқабы 2012 жылдың деңгейіне қысқарады деп күтілуде, бұл 468 мың га, 3,5%-ды құрайды",- деді М.Өміряев.

Астана. 1-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда әртараптандыру шеңберінде бидайдың егіс алқаптары 3,5%-ға қасқарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өміряев Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында мәлім етті.

"Астық дақылдары 15,9 млн га орналасады, оның ішінде бидай 13 млн га. Бидай алқабы 2012 жылдың деңгейіне қысқарады деп күтілуде, бұл 468 мың га, 3,5%-ды құрайды",- деді М.Өміряев.

Сонымен қатар, ол күріш, мақта, қант қызылшасы, бау-бақша дақылдары мен картоптың егіс алқаптары қысқаратынын атап өтті.

Өз алдына жемшөптік, майлы дақылдардың егіс алқаптары керісінше кеңейтілетін болады.

Айта кету керек, аталған жұмыс егіс алқабын теңдестіру және монодақылды алқаптардың одан әрі дамуын болдрмау мақсатында жүргізіледі.

Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдардың тенденциясы көрсеткендей егіс құрылымындағы бидай үлесі

80%-ға дейін жеткен, алайда оның ғылыми негізделген көлемі 50-60%-ды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны