17.06.2016, 17:39 7683

Қазақстанда астық қолхаттарыныӊ электронды жүйесі іске қосылады - АШМ

Қазақстанда 2016 жылдыӊ 23 шілдесінен бастап астық қолхаттары электронды түрде шығарылуы тиіс, деп мәлімдеді ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығын өндіру және қайта өӊдеу департаменті директорыныӊ орынбасары Ләззат Құпанова ведомствода өткен брифинг барысында

Астана. 17 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2016 жылдыӊ 23 шілдесінен бастап астық қолхаттары электронды түрде шығарылуы тиіс, деп мәлімдеді ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығын өндіру және қайта өӊдеу департаменті директорыныӊ орынбасары Ләззат Құпанова ведомствода өткен брифинг барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мақсат қойылды - электронды астық қолхатына көшу және астық есебін элеваторларда автоматтандыру. Ағымдағы жылдыӊ 9 сәуір айында заӊнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу туралы Заӊы қабылданды. Заӊ өз күшіне ағымдағы жылдыӊ 23 шілдесінен бастап енеді. Белгіленген күннен кейін астық қолхаттары электронды түрде жүргізілуі тиіс, ал астық нарығыныӊ субъектілері астық қолхатыныӊ ақпараттық жүйесінде жұмыс атқаратын болады", - деді Л.Құпанова, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Айта кетейік, электронды қолхат жүйесі фермерлер шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

"Астық қолхаты "құнды қағаз" мәртебесіне ие және элеваторға сақтау үшін тапсырылған астықтыӊ меншік иесініӊ құқығын растайды. Сонымен қатар, астық қолхаты банкке қарыз беру үшін кепіл ретінде әрекет ете алады. Сонымен қатар, астық қолхаты қағаз түрінде енгізіліп отырды. 2002 жылдан 2015 жылға дейін отандық астық өндірушілер астықты қарызға беру арқылы аталмыш қолхат арқылы ЕДБ несие қоры жалпы сомасы 1,5 трлн теӊгесін алды. Тәжірибе жұмысы электронды форматқа көшу керектігін көрсетті", - деді ол.

Оныӊ айтуынша, ол айқындылықты қамтамасыз етуге көмектеседі, бұзушылықты жояды, сондай-ақ болашақта астықты электронды түрде сатуға көшеді.

"Фермер онлайн тәртібінде астық партиясы бойынша ақпарат ала алады. Сонымен қатар, астықты сақтауға берген кезде өз мүддесін қорғай алады және оныӊ сапасын анықтайды. ҚР АШМ тұлғасындағы қадағалау органдары, жергілікті атқарушы органдар барлық лицензияланған астық элеваторлар берген астық қолхаттары бойынша заманауи дерекқорға онлайн тәртіпке рұқсат алады. Бұл оларға нарықтық жағдайларды талдауға мүмкіндік береді. Жүйе астық қолхаттарыныӊ барлық операцияларын қадағалайтындықтан, бұл деректер ашықтығын қамтамасыз етеді және осы саладағы қасақана бұзушылықтарды азайту көмектеседі", - деп түйіндеді АШМ өкілі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны