03.12.2015, 18:15 3928

Қазақстанда автожолдардыӊ құрылысын қаржыландыру 29%-ға артты - Есеп комитеті

Автокөлік жолдарыныӊ құрылысын қаржыландыру ағымдағы жылы 29%-ға артты, деп мәлімдеді бүгін Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ кезекті отырысы барасында бақылау тобыныӊ басшысы, Есеп комитетініӊ мүшесі Александр Горяинов

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Автокөлік жолдарыныӊ құрылысын қаржыландыру ағымдағы жылы 29%-ға артты, деп мәлімдеді бүгін Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ кезекті отырысы барасында бақылау тобыныӊ басшысы, Есеп комитетініӊ мүшесі Александр Горяинов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Егер 2013 жылы 228 млрд теӊге бөлінсе, 2014 жылы - 266 млрд теӊге бөлінді, немесе 16%-ға өсті, ал 2015 жылға 343 млрд теӊге көлемінде қаржыландыру жоспарланған, ол өткен жылы бөлінген қаражаттан 29%-ға көп", - деді А.Горяинов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ мәліметінше, республикада 2015 жылы жалпыныӊ пайдалануындағы автокөлік жолдарыныӊ ұзындығы 96 421 км құрады, оныӊ ішінде республикалық маӊыздағы жолдар - 23 680 км, немесе 25%, және облыстық және аудандық маӊыздағы жолдар - 72 741 км, немесе 75%.

Атап айтқанда, А.Горяиновтыӊ сөзінше, жолдардыӊ ұзындығыныӊ азаюы Атырау облысында 22%-ға, Ақмола облысында - 3%-ға, Қостанай облысында - 2,4%-ға орын алды.

"Республикалық маӊыздағы жолдар жақсы жағдайда - 35%, қанағаттанарлық - 48% және қанағаттанарлық емес - 17%. Облыстық және аудандық маӊыздағы жолдардыӊ жағдайы 2015 жылы: жақсы - 18%, қанағаттанарлық - 49%, қанағаттанарлық емес - 32%", - деп мәлімдеді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны