15.05.2009, 11:05 1401

Қазақстанда банк саласының күйреу мүмкіндігіне тосқауыл қойылды - Кәрім Мәсімов

Қазақстанда банк саласының күйреу мүмкіндігіне тосқауыл қойылды - Кәрім Мәсімов

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда банк саласының күйреу мүмкіндігіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП-ның кезектен тыс ХІІ съезінде Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Ел президентінің тапсырмасымен дағдарыс жағдайында екінші деңгейлі банктердің қатысуымен маңызды даму мақсаттарын шеше отырып, біз банк саласының күйреу мүмкіндігіне тосқауыл қойдық", - деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, бағдарлама жүзеге асырылған тек алғашқы айларда 1,5 мың үлескер өз пәтерлеріне ие болды. "Жылдың аяғына дейін Астана мен Алматыда тағы да 142 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда, нәтижесінде 25 мыңнан астам үлескер жаңа пәтерлерге қоныстанады", - деді ол.

"Бұрын берілген ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға банктерге 120 млрд теңге аударылды. Бүгінгі жағдаймен қайта қаржыландыруға шамамен 77 млрд теңгеге өтініш берілді, 14 111 үлескер өз қарыздарын қайта қаржыландырды", - деді премьер.

"Шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген 120 млрд теңгеден бүгінгі күні жалпы көлемі 110 млрд теңгенің 2 мың жобасы бойынша шарт жасалды, 1568 жоба қаржыландырылды. Банктерге бөлінген барлық қаражат ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін игеріледі", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны