02.10.2009, 12:14 3018

Қазақстанда биыл астықтың жалпы түсімі алғашқы салмақпен алғанда 21 миллион тоннадан астам болды - президент

Қазақстанда биыл астықтың жалпы түсімі алғашқы салмақпен алғанда 21 миллион тоннадан астам болды - президент

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда биыл астықтың жалпы түсімі алғашқы салмақпен алғанда 21 миллион тоннадан астам болды. Бұл туралы президент Н. Назарбаевтың Қазақстан диқандарын құттықтауында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылғы ауа райының қолайсыз жағдайларына қарамастан республика диқандары дәнді дақылдардың жоғары өнімін өсіруге қол жеткізді. Астықтың жалпы жиыны алғашқы салмақпен алғанда 21 миллион тоннадан астам болды, бұл - кейінгі бес жылдағы екінші рекордты өнім",- делінген құттықтауда.

"Жоғарғы өнімділік пен астық сапасына қол жеткізу - ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегінің және әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында дәнді дақылдардың егіс алқабын көбейтуге, өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға, ылғал ресурстарын сақтау технологиясына жаппай көшуге мүмкіндік берген астық өндірісін дамытуды жүйелі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі".

"16 миллион тонна шамасында астық жинаған Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының диқандары ерекше көзге түсті. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында рекордтық астық жиналды. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің жаңа объектілерін пайдалануға беруде көп іс атқарылды.

Ауыл еңбеккерлерінің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, республиканың астықты держава ретіндегі экспорттық әлеуеті мен қалыптасқан беделін көтеруге қосқан үлесі зор мақтаныш әрі алғыс сезіміне лайық.

Сіздерді қол жеткен табыстарыңызбен құттықтаймын. Мықты денсаулық, игілік, еліміздің аграрлық секторын дамытуда жаңа табыстар тілеймін",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны