16.10.2012, 12:49 2991

Қазақстанда биыл астықтың жалпы жиынтығы 12 млн. тонна көлемінде болады деген болжам жасалуда

Бүгінде бастапқы салмақта 14 млн. тоннаға жуық астық бастырылды. Бұл туралы бүгін егін орағы науқаны бойынша селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.

Астана. 16-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда биыл астықтың жалпы жиынтығы 12 млн. тонна көлемінде болады деген болжам жасалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгінде бастапқы салмақта 14 млн. тоннаға жуық астық бастырылды. Бұл туралы бүгін егін орағы науқаны бойынша селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.

"Бүгінде республикадағы астық дәнді-дақылдарының орағы аяқталуға жақындады. Атап айтқанда, 15 млн. гектар егіс орылды. Немесе астық егістері ауданының 99,7 пайызы қамтылды. Гектарынан 9,6 центнер шығымдылығымен бастапқы салмақта 14 млн. тоннаға жуық астық бастырылды",-деді жауапты хатшы.

Оның сөзіне қарағанда, енді 52 мың гектар дәнді-дақылдарының егістіктерін ору қалды. Негізінен бұл Оңтүстік өңірлердегі жүгері мен күріш егістері.

Е. Аманның айтуынша, өңделгеннен кейін астықтың жалпы жиынтығы 12 млн. тонна көлемінде болады деп күтілуде. Атап айтқанда, өткен жылдардағы 9,8 млн. тонна қалдық астықты ескергенде жалпы астық жиынтығы ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ, 8 млн. тонна көлемінде астықты экспорттауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны