12.02.2008, 16:34 3125

Қазақстанда биылғы жылы ЖІӨ өсімі 5% деңгейінде болады

Қазақстанда биылғы жылы ЖІӨ өсімі 5% деңгейінде болады

Астана. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда биылғы жылы ЖІӨ өсімі 5% деңгейінде болады. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің алқа отырысында Бақыт Сұлтанов хабарлады.

"Қазақстанның макроэкономикалық дамуына әсер ететін жағдайлар мен үрдістерді ескере отырып, биылғы жылы ЖІӨ нақты өсімі 5 % деңгейінде болады деп бағалап отырмыз", - деді министр.

Ол ескерткеніндей, былтырғы жылы ЖІӨ өсімі 8,5% құраған. Б. Сұлтанов атап өткеніндей, өндіріс көлемінің ұлғаюы барлық секторларда байқалды.

Оның сөздері бойынша, өңдеу өндірісіндегі көлемдер өсімі 6,7 % құраса, тау-кен кәсіпорындарының өсімі 2,6% жетті. Ал ауыл шаруашылық өнімдердің жалпы көлемі 8,4% өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны