28.01.2013, 14:46 3052

Қазақстанда білім беруге жұмсалатан мемлекеттік шығын 1,3 трлн теңгеге немесе жылдық ІЖӨ 4,2% жетті

Бұл туралы білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің Ресми өкілі Алтай Ибибуллаевтың кезекті брифингі кезінде мәлім етті.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда білім беруге жұмсалатан мемлекеттік шығын 1,3 трлн теңгеге немесе жылдық ІЖӨ 4,2% жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің Ресми өкілі Алтай Ибибуллаевтың кезекті брифингі кезінде мәлім етті.

"Мемлекеттік бағдарлама қабылданғаннан бері, яғни 2,5 жыл ішінде білім беруге жұмсалатан мемлекеттік қаржыландыру 1,3 трлн теңгеге немесе жылдық ІЖӨ 4,2% жетті", - деді Б.Жұмағулов.

Министрдің сөзіне қарағанда, бұл тіпті де жаман көрсеткіш емес, өйткені ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 5-6% құрайды.

"2012 жылғы бюджеттік қаржыны игеру бөлінген қаржының 99,8% құрады, бұл біздің ведомство жұмыс істеп келе жатқан уақыт ішіндегі ең жақсы көрсеткіш", - деп қосты ҚР БҒМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны