20.04.2011, 16:17 4201

Қазақстанда егіс науқаны ойдағыдай өтеді

Қазақстанда егіс науқаны ойдағыдай өтеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 20 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда егіс науқаны ойдағыдай өтеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Биыл 21,3 миллион гектар жерге егіс жұмыстары жүргізіледі. Көктемгі егісті қаржыландыру, ресурстық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қолға алынды. Ауылшаруашылығы өндірушілерін кепілді дизелді жағармаймен қамтамасыз ету жағы шешілген. Қазір 106,2 мың тонна жағармай шаруашылықтарға жеткізілген. Ауыл шаруашылығы техникаларының 93 пайызы дайын, Батыс Қазақстаннан басқа барлық облыстар тұқыммен қамтамасыз етілді",-деді министр.

Фото: asmachine.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны