06.05.2006, 18:54 3050

Қазақстанда екі кезеңмен ауылшаруашылығы санағы жүргізілмекші

АСТАНА. 6-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2006-2007-жылдарда екі кезеңмен ұлттық ауылшаруашлыығы санағын жүргізу көзделіп отыр. Санақтың бірінші кезеңін өткізетін мерзім бүгін республикалық санақ комиссиясының осырысында бекітілді. Отырыс ҚР ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімовтың басқаруымен өткізіліп, оған министрліктер мен мекемелердің өкілдері қатысты.

ҚР статистика жөніндегі агентігінің мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және өңдеумен шұғылданатын барлық тауар өндірушілер санаққа қамтылады.

Санақтың І кезеңін жүзеге асыруға статистика мамандары, инструкторлар, сауалнама жүргізушілер мен мәліметтерді жинақтап енгізуші мамандардан құралған 20 мың адам жұмылдырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны