24.04.2009, 13:13 3085

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер таратқан үмітсіз несиелердің үлесі ұлғая түсуде - Жоғарғы сот

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер таратқан үмітсіз несиелердің үлесі ұлғая түсуде - Жоғарғы сот

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда екінші деңгейлі банктер таратқан үмітсіз несиелердің үлесі ұлғая түсуде. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотында атқару өндірісі органдары мен банк ұйымдарының ықпалдастығының қазіргі ахуалы мен келешегіне арналған кеңесте ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитетінің төрағасы Ирак Елекеев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазіргі таңда қиындықтар одан әрі жалғасуда, ахуал - оңай болмай тұр, ал үмітсіз несиелердің үлесі ұлғая түсуде", - деді И. Елекеев.

Оның мәліметінше, ағымдағы жылдың тек алғашқы үш айында сот үкімін орындаушылардың қолында екінші деңгейлі банктердің пайдасына 58 млрд теңгені өндіріп алу жөнінде 27 мыңнан астам атқару құжаты болған. Осы орайда оның айтуынша, "орындауға мәжбүрлеу жөніндегі осы санаттағы атқару құжаттарының саны өсе түсуде".

Комитет төраағсының пікірінше, несиелердің қайтарылмауының бір себебі - банк мамандарының несиені бермес бұрын тәуекелді теріс бағалауы болмақ. "Банктерде тіпті тұтыным несиелерін уақытша тіркеуде тұрған немесе тіпті тіркеуде мүлдем жоқ адамдарға беру оқиғалары да жиі кездеспді. Банктер несиегердің мүліктік ахуалын тиісті дәрежеде тексермейді", - деді И. Елекеев.

Сонымен бірге, оның айтуынша, ағымдағы жылдың 13 сәуірінен бастап республикада екінші деңгейлі банктердің пайдасына ақша өндіріп алу науқаны қайта жанданды, "бірінші аптаның қорытындысы бойынша 43 млрд теңге өндірілді. Алайда, бұл жеткіліксіз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны