04.06.2014, 23:33 3443

Қазақстанда энергия үнемдеу мен электр энергиясы саласында 1,5 мың маман оқытылды

"Энергия үнемдеу мен электр энергиясы саласындағы мамандардың біліктіліктерін арттыруға дайындау бойынша оқу орталықтары қызметі ұйымдастырды. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 12 оқу орталықтары белсенді жұмыс істейді, онда 1,5 мың қызметкер екі жыл ішінде оқып шықты", - дейді ол.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстанда энерготиімділік шараларын қаржыландыру мен іске асыру механизмдері туралы конференция барысында "Электр энергетикасы және энергия үнмдеуді дамыту институты" АҚ басқарма төрағасы Жақып Бөкенбаев Қазақстанда соңғы екі жылда энергия үнемдеу мен электр энергиясы саласында шамамен 1,5 мың маманның оқытылғанын айтты.

"Энергия үнемдеу мен электр энергиясы саласындағы мамандардың біліктіліктерін арттыруға дайындау бойынша оқу орталықтары қызметі ұйымдастырды. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 12 оқу орталықтары белсенді жұмыс істейді, онда 1,5 мың қызметкер екі жыл ішінде оқып шықты", - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, энергоменеджмент жүйесін ұйымдастыру талаптары енгізілді.

"2014 жылдың 1-інші қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік энергетикалық реестр субъектілері халықаралық талаптарға сай энергоменеджмент жүйелері жұмысын ұйымдастыруға міндетті. Түсті және қара металлургия, тау-кен өндірісі мен жанармай өндірісі салаларындағы нормативті қуат тұтыну бекітілді", - дейді Ж.Бөкенбаев.

Энергия үнемдеуді насихаттау бойынша ауқымды шаралар жасалынды.

"Елдің оқу орындарында 100-ден астам сабақ ұйымдастырылып, тиісті шаралар атқарылды", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны