01.06.2016, 11:46 5095

Қазақстанда инфляция қаӊтар-мамырда 4,2%-ды құрады - ҚР ҰЭМ

Ведомствоныӊ мәліметінше, баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы бес айда (2016 жылғы мамыр 2015 жылғы желтоқсанға) 4,3%, азық-түлік емес тауарларына - 4,2%, ақылы қызметтерге - 4%-ға өсті.

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - 2016 жылғы қаӊтар-мамырда Қазақстан Республикасында инфляция 4,2% құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ведомствоныӊ мәліметінше, баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы бес айда (2016 жылғы мамыр 2015 жылғы желтоқсанға) 4,3%, азық-түлік емес тауарларына - 4,2%, ақылы қызметтерге - 4%-ға өсті.

Ағымдағы жылдыӊ басынан (2016 жылғы мамыр 2015 жылғы желтоқсанға) бағаныӊ өсуі жармаларға 20,7%, қара шайға - 16,7%, қантқа - 11,1%, нанға - 9,1%, жаӊа жиналған жемістерге - 9%, қайта өӊделген және консервіленген көкөністерге - 8,4%, кондитерлік өнімдерге - 7,8%-ға, күнбағыс майына, салқындатылған сусындарға - 7,7%, макарон өнімдеріне, кептірілген жемістер мен жаӊғақтарға - 6,7%-дан, жеміс және көкөніс шырындарына - 5,7%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге, құс етіне - 4,6%-дан, мәйекті ірімшікке - 4,5%, балық және теӊіз өнімдеріне - 3,6%, сүзбеге - 3%-ға белгіленді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 12,4%, тұрмыстық аспаптарға - 7,6%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 6,4%, жеке қолданатын тауарларға, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 6,3%-дан, тоқыма бұйымдарына - 5%, автомобильдерге - 4,7%, киім және аяқ киімге - 3,8%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 2,7% құрады.

Баға деӊгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 6,4%, мектепке дейінгі балалар мекемесініӊ - 5,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 2,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлердіӊ - 2,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 2,1%-ға өсті. Жолаушылардыӊ әуе көлігімен жол жүру ақысы 14,8%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігіне - 11,5%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен - 6,2%-ға жоғарылады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 20,3%, қоқыс шығаруға - 11,8%, суық суға - 8%-ға, орталықтан жылытуға, ыстық суға - 7,2%-дан, электр энергиясына - 4,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 4,2%-ға өсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны