23.07.2012, 11:59 2945

Қазақстанда Инвесторларға қызмет көрсету жөніндегі өңірлік орталықтар құрылуда

Бұл туралы "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов pm.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.

Астана. 23-шілде. Kazakhstan Today - 2012 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық өңірінде Инвесторларға қызмет көрсетуші өңірлік орталықтар құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов pm.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.

"Инвесторларға қызмет көрсету орталықтары сияқты ведомстволар алғаш рет құрылуда. Ол мекемелер әкімдіктердің жандарынан ашылуда және олардың міндеті - өңірлерде инвесторлармен жұмыс істеу. Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық өңірде осындай орталықтар құрылады", - деді Қайрат Қарманов өз сөзінде.

Бұл орталықтар Қазақстан аумағында индустриялық жобаларды іске асыруға мүдделі инвесторларға ғана қызмет көрсетіп қана қоймай, әлеуетті әріптестерге де консультациялық көмек көрсететін болады.

Айта кету керек, мұндай мекемелерді ашу еліміздің инвестициялық ахуалын жақсарту және инвесторларға жайлы жағдай жасау жөніндегі тәжірибелік қадамдардың бірі болып табылады.

Оған қоса, еліміздің инвестициялық беделін жақсарту бағытында ақпараттық кеңістікте белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, танымал режиссер Тимур Бекмамбетов түсірген Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы бейнебаян жалпы көрермендер қауымы 300 млн. асатын CNN, BBC және Bloomberg сияқты әлемдік телеарналарда прайм-тайм уақытта 600 рет көрсетілді. Осының арқасында www.invest.gov.kz сайтының оқырмандар саны 2 есеге ұлғайды.

Қазақстан Республикасына шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық жоспардың аясында осындай және басқа да шаралар іске асырылуда.

"Ұлттық жоспар бірнеше тараудан тұрады. Соның бірі - инвесторлар үшін заңнаманы жетілдіру және қосымша ынталандыру шараларын қабылдау. Жоспармен сондай-ақ, шетелдік инвесторларға визалық жеңілдіктер жасау, тіпті кейбір басымдықты елдермен арадағы визалық режимді алып тастау арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары қарастырылған",- дейді Қ.Қарманов.

"Шетелдік инвесторларды тарту Қазақстан үшін өте маңызды мәселе, себебі тек қаржы ғана емес, сонымен бірге жаңа технологиялар тарту және ҮИИД бағдарламасын іске асыру үшін құзырлықты дамыту қарастырылып отыр. Бұл біз үшін ең амңызды міндет", - деп түйіндеді өз сөзін ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны