19.10.2011, 10:29 4107

Қазақстанда IV тоқсанға арналған кедейлiк шегi анықталды

Қазақстанда IV тоқсанға арналған кедейлiк шегi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнің 40% көлемінде анықталған. Бұл туралы ресми баспасөзде жарияланған ҚР Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрiнің бұйрығында хабарланады.

Астана. 19-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда IV тоқсанға арналған кедейлiк шегi анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда IV тоқсанға арналған кедейлiк шегi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнің 40% көлемінде анықталған. Бұл туралы ресми баспасөзде жарияланған ҚР Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрiнің бұйрығында хабарланады.

"Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 4-ші тоқсанына арналған кедейлiк шегi Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеп шығарған ең төменгi күнкөрiс деңгейiнің 40% көлемінде анықталсын", - делінген құжатта.

ҚР Статистика агенттігінің дерегіне қарағанда, негiзгi азық-түлік өнiмдерiн ең төменгi тұтынудың нормаларына сүйене есептелген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 2011 жылдың қыркүйегiнде 16 844 теңгенi құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны