17.01.2008, 11:47 2196

Қазақстанда киіктердің санының азаюы тоқтатылды - Ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстанда киіктердің санының азаюы тоқтатылды - Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда киіктердің санының азаюы тоқтатылды және осы жануардың санының өсуі байқалып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында вице-министр Ақылбек Құрышбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Тұяқты жануарлардың сирек және жоғалу үстіндегі түрлері мен киіктерді сақтау бағдарламасының аясында киіктердің санының азаюы тоқтап, олардың өсімі байқалып отыр", - деп мәлімдеді Ақылбек Құрышбаев.

2003 жылмен салыстырғанда киік саны 2,6 есе ұлғайып, 55 мыңға жетті", - деп атап көрсетті вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны