12.07.2011, 11:10 3422

Қазақстанда күн модульдерін өндіретін зауыт салынады

Ол шикізаттан бастап соңғы өнімге, күн станциясына дейін пайдаланылатын заттың бәрі Қазақстанда жасалатынын атап өтті.

Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012 жылдың соңына қарай күн модульдерін өндіретін зауыт салынады, деп мәлімдеді "Қазатомпром" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьник, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Өндірістің бір бөлігі Өскеменде құрылады. Бұл фотобатарея, күн модульдерін өндіретін зауыт болмақ. Ол "ақылды" модульдердің ішінде орнатылатын электроника қажетті қуатты, керекті токты беріп тұрады. Зауыт жылына 50 мегаваттың батареясын өндіретін болады. Оны 100 мегаваттқа дейін арттыруға мүмкіндік бар", - деп хабарлады В. Школьник "ҚазАқпарат" агенттігіне берген сұхбатында.

Ол шикізаттан бастап соңғы өнімге, күн станциясына дейін пайдаланылатын заттың бәрі Қазақстанда жасалатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны