01.07.2014, 21:00 3155

Қазақстанда құрылыс нысандарын қабылдаудың жаңа тәртібі енгізіледі - Б.Жәмішев

"Қазіргі таңдағы халықаралық тәжірибелрге сүйене отырып жаңа жүйеге көшу қарастырылған. Оған сай нысанды пайдалануға беруде қызметкерлермен қамтамасыз ету жағы ескеріліп, оны техникалық және авторлық бақылау жөніндегі бас мердігер мен Өңірлік даму министрлігі және Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылауына тапсырылмақ", - дейді министр.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. Қазақстанда құрылыс нысандарын пайдалануға беру кезіндегі мемлекеттік қабылдаудың жаңа тәртібі енгізіледі, деп мәлімдеді бүгін ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

"Депутаттардың бастамасымен заң жобасы дайындалды. Соған сай қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік қабылдау заңнамасын жаңадан қабылданатын құрылыс нысандарын пайдалануға беру кезіндегі мемлекеттік қабылдаудың жаңа тәртіптері алмастыратын болады. Қолданыстағы заң бойынша аталмыш құжатқа 20 жақтың қол қоюы керек, солардың көпшілігі нысанды қабылдар кезде ғана қол қояды", - дейді ол.

Оның айтуынша, бұл жүйе ұжымдық жауапкершіліктің жоқтығынан хабар береді. Ал нысанды пайдалануға беруге дейінгі құрылыс барысына жауапкершілікті арқаламайды.

"Қазіргі таңдағы халықаралық тәжірибелрге сүйене отырып жаңа жүйеге көшу қарастырылған. Оған сай нысанды пайдалануға беруде қызметкерлермен қамтамасыз ету жағы ескеріліп, оны техникалық және авторлық бақылау жөніндегі бас мердігер мен Өңірлік даму министрлігі және Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылауына тапсырылмақ", - дейді министр.

Демек, әркім өзінің бөлімі бойынша, соның ішінде жеке-жеке аталмыш ұйымдардың ішінде құрылыстың жобалау талаптары бойынша салынған ғимараттың сәйкес келуіне жауап беретін болады.

Нысанды пайдалануға берудегі мемлекеттік қабылдаудың аталмыш тетігі әкімшілік кедергілерді азайтып, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік бермек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны