15.11.2011, 14:41 4014

Қазақстанда құрылыстағы өсу қарқыны соңғы 10 айда 2,8 пайызға өскен

"Ағымдағы жылы құрылыс саласындағы өсім қарқыны 2,8 пайызды құрады, былтыр 10 айдағы өсім 0,1 пайыз ғана болған еді", - деп атап өтті Қайрат Келімбетов.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда құрылыстағы өсу қарқыны соңғы 10 айда 2,8 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

"Ағымдағы жылы құрылыс саласындағы өсім қарқыны 2,8 пайызды құрады, былтыр 10 айдағы өсім 0,1 пайыз ғана болған еді", - деп атап өтті Қайрат Келімбетов.

Құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің 3,3 пайызға артуы есебінен жоғарыдағы өсімге қол жеткізілгенін атап көрсеткен министр, жалпы құрылыс саласындағы бұл жұмыстардың үлесі 83,7 пайыз екенін айтты.

"Есептік кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 0,1 пайызға өсті",- деді Қ.Келімбетов.

Министрліктің ақпараты бойынша, тұрғын үй құрылысы саласына салынған инвестицияның өсімі, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 31,2 пайызға немесе 321,3 млрд. теңгеге өсуі саланың алдағы дамуына қосымша әлеует беріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны