29.09.2009, 16:50 3132

Қазақстанда құс етіне қатысты сұраныстың шамамен 70%-ы импорт есебінен қанағаттандырылады

Қазақстанда құс етіне қатысты сұраныстың шамамен 70%-ы импорт есебінен қанағаттандырылады

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда құс етіне қатысты сұраныстың шамамен 70%-ы импорт есебінен қанағаттандырылады. Бұл туралы сенаттың вице-спикері Мұхамбет Көпеев бүгін сенатта өткен дөңгелек үстелде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгінде жалпы алғанда Қазақстанда құс етіне қатысты сұраныстың шамамен 70%-ы импорт есебінен қанағаттандырылады",- деді М. Көпеев.

Оның айтуынша, Қазақстанда 8 жылда құс етінің импорты 7 есе өсті. "Сандарға сөз берсек: 2000 жылы республикаға 20 мың тоннаға жуық құс еті импортталса, 2005 жылы 110, 2008 жылы - 132 мың тоннаға жеткен. 8 жылда құс етінің импорты 7 есе өсті", - деді М. Көпеев.

Сондай-ақ, оның пікірінше, жұмыртқа өндіруге қатысты ахуал да алаңдаушылық тудырады. "Импортталатын жұмыртқа ұнтағының көлемінің ұлғая түсуі де алаңдатады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны