09.06.2008, 12:34 1373

Қазақстанда мамырда жаңа салынған баспана құны 0,5%-ға арзандады - статистикалық агенттік

Қазақстанда мамырда жаңа салынған баспана құны 0,5%-ға арзандады - статистикалық агенттік

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мамырда жаңа салынған баспана құны 0,5%-ға арзандады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, қайта сатылатын баспана нарығында мамырда баға 3,9%-ға төмендеді.

"2008 жылдың мамыр айында алдағы айман салыстырғанда жаңа салынған баспана құны Астанада 1,1%-ға, Алматыда 0,8%-ға арзандады", -деп нақтылайды агенттіктегілер.

Статистикалық мәліметтерге сай, екінші нарықта өткен айда баға Ақтөбеде 12,8%-ға, Астанада 12,6%-ға, Алматыда 9,6%-ға, Петропавловскіде 3%-ға, Өскеменде 2,8%-ға, Павлодарда 1,8%-ға және Оралда 1,7%-ға арзандады. Ал басқа өңірлерде баспана нарығында баға өзгерісі байқалған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны