15.01.2016, 17:37 4309

Қазақстанда мобильді байланыстыӊ еӊ төмен тарифтерініӊ бірі болмақ - ҚР ИДМ

Қазақстандағы мобильді байланыс тарифі еӊ төмендердіӊ бірі болмақ, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстандағы мобильді байланыс тарифі еӊ төмендердіӊ бірі болмақ, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Еліміздегі тариф еӊ төменгілердіӊ бірі болады деп есептейміз. Біз оған баса назар аударамыз. Бұл үлкен басымдық болып табылады", - деді И.Исекешев, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Министрдіӊ айтуынша, интернет-коммуникация және байланыс саласыныӊ дамуы соӊғы кезде елді сандық технологиялармен қамтамасыз ету жұмыстары жағдайында үлкен маӊызға ие болып отыр.

"Өздеріӊізге де бегілі, біз интерконнект пен тариф құнын 5 есеге төмен түсірдік. 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан тариф бағасы тағы 36 пайызға төмен түсті. Былтыр желтоқсан айында ведомствоаралық комиссиясыныӊ отырысы өтті. Онда барлық операторларға 4G жүйесін дамытуға және "мобильдік құлдықты" алып тастауға рұқсат берілді", - деп атап өтті И.Исекешев.

Абоненттік нөмірлерді бір оператордан басқасына қайтарымсыз негізде көшіру И MNP (Mobile Number Portability) бәсекелестік деӊгейін арттыру арқылы желі ішінде, сондай-ақ басқа да желілерде байланыс құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

ҚР ИДМ мәліметінше, ағымдағы жылдыӊ 8 қаӊтарына 2 мыӊға жуық қазақстандық аталған қызметті пайдаланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны