22.06.2010, 12:53 2922

Қазақстанда мұнайдың бір тоннасына 20 АҚШ доллары көлемінде экспорттық кеден баж салығын белгілеуді жоспарлауда

"Қазір мұнайдың бір тоннасына 20 АҚШ доллары көлемінде баға белгілеу көзделінуде",- деді журналистердің мұнайға салынатын экспорттық кеден баж салығы туралы қойған сұрақтарына жауап берген Б. Жамишев.

Астана. 22-маусым. Kazakhstan Today Қазақстанда мұнайдың бір тоннасына 20 АҚШ доллары көлемінде экспорттық кеден баж салығын белгілеуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР қаржы министрі Болат Жамишев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Қазір мұнайдың бір тоннасына 20 АҚШ доллары көлемінде баға белгілеу көзделінуде",- деді журналистердің мұнайға салынатын экспорттық кеден баж салығы туралы қойған сұрақтарына жауап берген Б. Жамишев.

Ол сондай-ақ, "орташа салық жүктемесі 40 пайыздан 44 пайызға дейін өсетіндігін" атап өтті.

Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР үкіметі бірқатар шикізат тауарларының салынатын экспорттық кеден баж салығын қайта қалпына келтіруді көздеуде.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан 2008 жылдың мамыр айында көмірсутегі бағасының көтерілуне байланысты экспорттық баж салығын енгізіп, 2009 жылдың 26-қаңтарында шикізат бағасының төмендеуіне байланысты алынып тасталған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны