15.04.2013, 10:49 3411

Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8,5% артты

"2013 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 852,8 млрд. теңгені құрды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 8,5% артық", - деді А.Смайылов.

Астана. 15-сәуір. Kazakhstan Today - 2013 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8,5% артып, 852,8 млрд. теңгені құрды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Статистика агенттігінің басшысы Илихан Смайылов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде мәлім етті.

"2013 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 852,8 млрд. теңгені құрды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 8,5% артық", - деді А.Смайылов.

Статистика агенттігінің мәліметінше, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2013 жылғы қаңтар-наурыз 2012 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 103,7% құрды.

Қалған мәліметтерді алатын болсақ, 2013 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 4511,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2012 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 1,9% артық.

2013 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 206,9 млрд. теңгені құрып, нақты көріністе 2012 жылғы қаңтар-наурыздағы деңгейден 0,4% артық.

Сонымен бірге, наурызда жүк айналымының көлемі азайғаны байқалды, оның көрсеткіштері 2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,8% кеміп, 109,7 млрд теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны