03.04.2009, 18:01 3577

Қазақстанда өндірілген сүт тұтынушыларға жетпейді - Қазақстанның Сүт өндірушілерінің одағы

Қазақстанда өндірілген сүт тұтынушыларға жетпейді - Қазақстанның Сүт өндірушілерінің одағы

Астана. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өндірілген сүт тұтынушыларға жетпейді. Бұл туралы бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде сүт өндірісі саласының бәсекелестік қабілетін көтеру мәселесіне орай өткізілген конференцияда "Қазақстанның Сүт өндірушілерінің одағы" заңды тұлғалар ұйымының мүшесі Санат Құрманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанда сүттің мардымсыз бөлігі өндіріледі. Бірақ осы мардымсыз көлемнің өзі біздің тұтынушыларға жетпей қалады", - деді С. Құрманғалиев.

Оның айтуынша, Қазақстанның Агроөнеркәсіптік кешені өнім өндіру, өңдеу және сату бойынша 90-шы жылдардың экономикалық көрсеткіштеріне жеткен жоқ. "Өндірістің техникалық деңгейі заман талаптарына сай емес. Жылдам ауыстыруды талап ететін ескірген техниканың үлес салмағы 60%-дан асады. Сүт өңдеу көлемі сұраныстан біршама кем", - деді С. Құрманғалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны