20.09.2010, 15:20 4303

Қазақстанда органикалық жердің жалпы ауданы 135 мың гектарды құрайды

Қазақстанда органикалық жердің жалпы ауданы 135 мың гектарды құрайды

Астана. 20 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда органикалық жердің жалпы ауданы 135 мың гектарды құрайды. Бұл туралы "Орталық/Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі органикалық секторларды дамыту" атты ІІІ Халықаралық конференцияда Экологиялық мәдениетті ықпалдастыру қорының директоры Евгений Климов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біздің мәліметтеріміз бойынша, Қазақстанда органикалық өнімдер өндіретін органикалық жердің жалпы ауданы 135 мың гектарды құрайды, ал жалпы ауылшаруашылық жері 222,4 млн гектарды құрайды",- деп хабарлады Е. Климов.

Мамандардың пайымдауынша, Қазақстанда органикалық ауылшаруашылықты дамытудың барлық мүмкіндіктері мен келешегінің зор екендігіне қарамастан аталмыш салада күрделі ахуал орын алған. "Бізде нормативтік-құқықтық база дамымаған, конституциялық мемлекеттік қолдау көрсетілмейді",- деп түсіндіріп өтті ол.

"Осы конференцияда сертификациялау компаниялар мен біздің фермерлерден өнімді "Қазақстанда жасалған органикалық өнім" деген брендпен сатып алуға дайын Германияның компанияларын кездестіру мүмкіндігі туды. Сондай-ақ олар біздің өнімді бүгінгі күнгі бағамен салыстырғанда айтарлықтай жоғары бағамен сатып алуға дайын",- деп атап өтті қордың директоры.

"Бізде өнімдердің тізімі дайын, тек оларды сертификациялап, белгілі бір стандарттарға сәйкестендіру керек",- деп атап көрсетті Е. Климов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны