25.02.2008, 15:17 2779

Қазақстанда өсімдік майының экспортына салынған тыйым 1 маусымға дейін созылады - Есімов

Қазақстанда өсімдік майының экспортына салынған тыйым 1 маусымға дейін созылады - Есімов

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өсімдік майының экспортына салынған тыйым 1 маусымға дейін созылады. Бұл туралы еліміздің Ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Күнбағыс тұқымы мен өсімдік майын экспорттауға салынған уақытша тыйым мерзімі ұзартылады. Таяуда осындай үкімет қаулысына қол қойылады деп ойлаймын", - деді А. Есімов.

Журналистерге берген сұхбатында еліміздің ауылшаруашылығы министрі экспортқа салынған тыйымды ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін ұзарту жоспарланғанын жеткізді. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, күнбағыс тұқымы мен өсімдік майын экспорттауға салынған уақытша тыйым өткен жылдың қазан айында күшіне енген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны