12.04.2013, 12:51 3173

Қазақстанда сәуір айына шаққанда орташа айлық еңбекақы бір жыл ішінде 8,2%-ға артты

Салалық құрылымда ең жоғарғы еңбекақы тау-кен өнеркәсібі мен кеніштерді игеруде - 221,16 тыс. теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есе артық), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 205,902 мың теңге (1,9 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде - 188,41 мың теңге (1,7 есе).

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2013 жылы бір қызметкердің орташа айлық номиналды еңбекақысы наурыз айында 108 мың 857 теңгені құрап, 2012 жылдың наурызымен салыстырғанда 8,2%-ға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Есепті кезеңде еңбекақы 1,3%-ға өсті, делінген статистикалық агенттік мәлімдемесінде.

Салалық құрылымда ең жоғарғы еңбекақы тау-кен өнеркәсібі мен кеніштерді игеруде - 221,16 тыс. теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есе артық), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 205,902 мың теңге (1,9 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде - 188,41 мың теңге (1,7 есе).

Ең төменгі еңбекақы ауылшаруашылық, балық және орман шаруашылығы саласында - 48,555 мың теңге, бұл елдегі орташа деңгейден 2,2 есе төмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны