03.05.2011, 12:15 3051

Қазақстанда сәуір айында өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 4,8 пайызға артты

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда ағымдағы жылғы сәуірде наурыз айымен салыстырғанда өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы 4,8%-ға өскен. Бұл туралы ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Астана. 3 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда сәуір айында өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 4,8 пайызға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда ағымдағы жылғы сәуірде наурыз айымен салыстырғанда өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы 4,8%-ға өскен. Бұл туралы ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, өндірілген өнім 5,2%-ға қымбаттады, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 0,1%-ға арзандады. Бағаның жоғарылауы кен өндіру өнеркәсібінде 6,8%, өңдеу өнеркәсібінде - 1,4%-ға байқалды.

Өткен айда бағаның өсуі газ конденсатына - 10,5%, мұнайға - 7,6%, дизельдік отынға - 7,5%, бензинге - 3,3%, көмірге - 0,6%-ға жоғарылауы, олардың сұйытылған пропан пен бутанға - 4,9%, отындық мазутқа - 1,8%, металл кендеріне - 1,5%, керосинге - 0,3%-ға төмендеуі тіркелді.

Бір айда баға ферроқорытпаларға 7,9%, қымбат металдарға - 6,9%, қара металдар илегіне - 5,7%, қорғасынға - 5,5%-ға жоғарлады, мырышқа - 7,2%, мысқа - 3,5%, алюминийге - 0,2%-ға төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны