04.06.2007, 17:23 7827

Қазақстанда шетелдік және ішкі инвестициялардың көлемі 150 млрд долларға жетті - ҚР президенті

АСТАНА. 4-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда шетелдік және ішкі инвестициялардың көлемі 150 млрд долларға жетті. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының мемлекеттік рәміздердің 15 жылдығына арналған республикалық жастар форумы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың санатына ендік. Еліміздің экономикалық өсім қарқыны жылына 10 процентті құрап отыр. Шетелдік және ішкі инвестициялардың көлемі 150 млрд долларға жетті",- деді ол.

"Экономикалық табыстардың арқасында ел халқының тұрмыс сапасы да жақсарып келеді. Кең ауқымды құрылыс жұмыстарының арқасында 1 млн қазақстандық жаңа пәтерге ие болды. Жаңа мектептер мен ауруханалар, спорттық және мәдени нысандар ашылуда",- деді президент.

Н.Назарбаевтың айтуынша, "Қазақстан әлемнің жетекші елдері -Қытай, РФ, АҚШ және Еуропалық Одақ пен ислам дүйесінің елдерімен стартегиялық әріптестікті нығайтты. Қазақстан - ТМД мен Азия аумағындағы интеграциялық процестердің белсенді қатысушысы әрі бастамашысы",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны