15.02.2013, 12:32 3127

Қазақстанда субсидияланатын авиабағыттарға конкурс өткізудің ережелері белгіленді

"Министрлік субсидиялы бағыттарға конкурс өткізудің және жолаушыларды, жолжүгін, жүкті және пошталық жөнелтулерді тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер үшін субсидиялы авиабағыттарға куәліктер берудің жаңа ережелері белгіленді", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - Азаматтық авиация саласындағы қазіргі заңнамаға енгізілген өзгертулерге байланысты субсидияланатын бағыттарға конкурс өткізудің жаңа ережелері нақтыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Министрлік субсидиялы бағыттарға конкурс өткізудің және жолаушыларды, жолжүгін, жүкті және пошталық жөнелтулерді тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер үшін субсидиялы авиабағыттарға куәліктер берудің жаңа ережелері белгіленді", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, өңірлік бағыттар бойынша авиахабарламаларды сақтау үшін мемлекеттік бюджеттен жыл сайын авиабағыттар субсидияланады, авиакомпания үшін коммерциялық пайдасы болмаса да, олар халық арасында сұранысқа ие.

Жаңа ережелерге сәйкес конкурсқа пайдаланушы сертификаты бар және қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес келетін Қазақстанда тіркелген авиакомпаниялар қатыса алады. Сонымен қатар, тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдауларына рұқсаты болуы тиіс.

Оған қоса, авиакомпанияның салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарызы болмауы керек.

"Авиакомпанияларда болжанған табыс есебінсіз бір ай көлемінде белгіленген кесте бойынша тұрақты әуе тасымалын қамтамасыз етуге қажетті қаражаттардың төмендетілмейтін резервтің болуы басты критерий болып табылады", - деп айтылған ведомствода.

Жалпы алғанда конкурс жылына 1 рет өткізіледі және оның нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша жолаушыларды, жолжүктері мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын авиатасымалдаушылар анықталады.

Бүгінгі таңда тұрақты ұшулар ішкі 46 авиабағыт арқылы жүзеге асырылады, олардың ішінде 8 авиабағыт республикалық бюджеттен субсидияланады. Субсидияланатын бағыттарға Астанадан Семейге, Жезқазғанға, Петропавлға, Павлодарға; Алматыдан Көкшетауға, Петропавлға, сонымен қатар Қарағандыдан Қызылорда мен Өскеменге бағытталған ішкі авиарейстер жатады.

Ағымдағы жылдың II тоқсанында субсидияланатын бағыттардың тізіміне Алматыдан Үржарға және Көкшетаудан Өскеменге бағытталған рейстерді қосу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны