01.09.2011, 10:53 5321

Қазақстанда тамыз айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 17 335 тңгені құрады

ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2011 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 4,4%, 2010 жылғы тамызбен салыстырғанда- 18,9%-ға өскен.

Алматы. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда тамыз айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 17 335 тңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2011 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 4,4%, 2010 жылғы тамызбен салыстырғанда- 18,9%-ға өскен.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,4%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 14,1%, жемістер мен көкөністерді - 16,4%, нан және жарма өнімдерін - 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді сатып алу 2,6%-ды құрады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны