04.12.2009, 13:50 3099

Қазақстанда таза шикізат сатумен ғана шектеліп қалатын ниеті жоқ - Назарбаев

Қазақстанда таза шикізат сатумен ғана шектеліп қалатын ниеті жоқ - Назарбаев

Астана. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда таза шикізат сатумен ғана шектеліп қалатын ниеті жоқ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы мәжілісінің қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз бір жақты экономикамен ғана қала алмаймыз. Біз өздеріңізге тек шикізат сатуды ғана місе тұтып отыратын мемлекет болып қала бергіміз келмейді. Мен мұны сіздерге шындап айтып отырмын", - деді президент шетелдік инвесторларға қаратып айтқан сөзінде.

"Мен сіздерден жауап қадам күтіп отырмын. Ең күрделі жылдарда біз, инвесторларға, сіздерге көптеген активтерімізді аса тиімді шарттармен ұсындық. Бұл сіздердің барлықтарыңызға пайдалы болды. Ал қазір біз Қазақстанда тапқан ақшаларыңызды еліміздің экономикаына салуға шақыра алатын құқымыз бар", - деді президент.

"Мен бүгін инвесторларға, соның ішінде отандық инвесторларға айқын ишара жасап отырмын: біз Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және шикізатты терең өңдеуге бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруға ұсынғандармен ғана жұмыс істейтін боламыз", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны