23.02.2016, 19:20 3739

Қазақстанда төртінші МӨЗ құрылысыныӊ ТЭН-сі жыл соӊына дейін әзірленеді - И.Мағауов

"Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша мұнай бағасына байланыстырумен ЭКС шкаласы, қара мұнай өнімдеріне шкала биылғы жылдыӊ күзінде енгізіледі", - деді И.Мағауов.

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР-да төртінші МӨЗ салуға техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жылдыӊ соӊына дейін аяқталады, деп мәлімдеді ҚР энергетика вице-министрі Исет Мағауов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өткен жылдыӊ күзінде консультант тартуға техникалық тапсырма мақұлданды. Консультант келісілді. "ҚазМұнайГаз-қайта өӊдеу-маркетинг" бойынша зауыттыӊ қуаттылығы, орналасқан жері, экономикалық негіздемелер бойынша ұсыныстардан тұратын ТЭН-ні аяқтау үшін оларға шамамен 8 ай қажет болады. Осындай жұмыс CNPC қатысуымен Маӊғыстау облысы әкімдігініӊ бастамасымен жүргізіледі", - деді вице-министр ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Бұдан өзге, ол ағымдағы жылдыӊ күзінде экспорттық-кедендік баж салығын мұнайдыӊ әлемдік бағасына байланыстыруды енгізу жоспарланғанын еске салып өтті.

"Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша мұнай бағасына байланыстырумен ЭКС шкаласы, қара мұнай өнімдеріне шкала биылғы жылдыӊ күзінде енгізіледі", - деді И.Мағауов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны