06.09.2007, 16:31 3178

Қазақстанда Ұлттық қордың қаржысын мұнайгаз саалсындағы жобаларды қаржыландыру мақсатында пайдалану мүмкіндігі талқылануда

Қазақстанда Ұлттық қордың қаржысын мұнайгаз саалсындағы жобаларды қаржыландыру мақсатында пайдалану мүмкіндігі талқылануда.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстанда Ұлттық қордың қаржысын мұнайгаз саалсындағы жобаларды қаржыландыру мақсатында пайдалану мүмкіндігі талқылануда. Бұл туралы бүгін Астанада ІІ Еуразиялық энергетикалық форум аясындағы үзілісте "Қазақстанның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" АҚ-ның мұнайгаз активтерін басқару жөніндегі директоры Ғалиаусат Кешубаев хабарлады.

"Ұлттық қордың қаржысы қазір шетелдерде орналастырылған және оның кірістілік проценті Қазақстан ішіндегі қандайбір мұнай жобасына жұмсалғандай жағдайдағыдан біршама төмен - талқыланған идеяның басты мәні осы", - деді ол.

Ұлттық қордың қаржысы жұмсалуы мүмкін қандайбір нақты мұнайгаз жобасы жөнінде талқыланып жатыр ма деген журналистер сауалына "Самұрық" өкілі былай деді: "Ұлттық мұнайгаз компаниясы жүзеге асырып жатқан ондай нақты жобалар бар, және "ҚазМұнайГаздың" акционері ретінде "Самұрық" оларға қосымша қаржы тартудан мүдделі", - деді Ғ. Кешубаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны