10.06.2008, 12:11 1611

Қазақстанда зергерлік бұйымдарды міндетті сертификаттау алынады - Школьник

Қазақстанда зергерлік бұйымдарды міндетті сертификаттау алынады - Школьник

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда зергерлік бұйымдарды міндетті сертификаттау алынады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Міндетті сертикаттауға жататын өнімдердің тізімін қысқарту жұмыстары жүргізілуде, соған сай ол тізімнен зергерлік бұйымдарды алып тастау, сондай-ақ, зергерлік бұйымдарды сатқанда сертификат болуы қажет деген талапты алып тастау көзделуде", - деді В. Школьник.

"Бұл ел ішіндегі сауда ережелеріне енгізілетін өзгешелік, таяу уақыттарда тиісті жоба мекемеаралық келісімге жіберіліп, белгіленген тәртіп бойынша үкіметтің қарауына ұсынылады", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны