08.01.2014, 18:45 2984

Қазақстанда жаңа жүк электровоздары тәжірибелік қолдануға шығарылды

Айта кету керек, аталмыш локомотивтер ВЛ-80 сериялы электровоздарды алмастырады. Осыған орай, айтарлықтай тиімділікке қол жеткізіледі деп күтілуде. Атап айтар болсақ, электр қуаты үнемделіп, ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шаралары азаймақ.

Алматы. 8 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда КZ-8А сериялы 12 жаңа жүк электровоздары тәжірибелік қолдануға шығарылды, деп хабарлайды "Локомотив" АҚ-ның баспасөз қызметі.

"КZ-8А сериялы жүк электровоздары Екібастұз-Тобыл, Екібастұз-Пресногорьковская аралығында тәжірибеден өткізілуде. KZ8 A электровозының бірінші нұсқасын жобалауда "Прима" тектес жүк электровозы негізге алынды. Кейін ол Қазақстанның -50 мен +50 градус аралығындағы ауа райы жағдайындағы қолданысына негізделген 1520 мм-лік жолға ыңғайландырылды", - делінген хабарламада.

Аталмыш серияның қос секциялы электровозы 8800 кВт қуаттылыққа ие. Ал конструкциялық жылдамдығы 120 км/с. Жаңа машинада басқару мен диагностиканың кешенді микропроцессорлық жүйесі қарастырылған. KZ8A электровозында ауа-райы бақылауын басқару модульді кабинеті бар. Ол қауіпсіздік пен заманауи санитарлық-эргономикалық талаптардың барлығына жауап береді.

Айта кету керек, аталмыш локомотивтер ВЛ-80 сериялы электровоздарды алмастырады. Осыған орай, айтарлықтай тиімділікке қол жеткізіледі деп күтілуде. Атап айтар болсақ, электр қуаты үнемделіп, ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шаралары азаймақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны