06.08.2009, 13:35 3201

Қазақстанда жанар-жағармай бағасының көтерілуі өндірістің азаюына, экспорт көлемінің ұлғаюына және Ресейден импортталатын мұнай бағасының көтерілуіне байланысты

Қазақстанда жанар-жағармай бағасының көтерілуі өндірістің азаюына, экспорт көлемінің ұлғаюына және Ресейден импортталатын мұнай бағасының көтерілуіне байланысты

Астана. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жанар-жағармай бағасының көтерілуі өндірістің азаюына, экспорт көлемінің ұлғаюына және Ресейден импортталатын мұнай бағасының көтерілуіне байланысты. Бұл туралы бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында мекеменің ақпараттық басқармасының бастығы Жандос Нұрмахамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Монополияға қарсы күрес органы мұнай өнімдері нарығындағы ахуалға талдау жасады. Қазақстанда жанар-жағармай бағасының көтерілуі ең алдымен республика бойынша өндірістің 9,5%-ға азаюына, негізгі мұнай өнімдерін сатушылардың экспорт көлемін ұлғайтуына және Ресейден импортталатын мұнай және мұнай өнімдері бағасының әлемдік нарықтағы бағамен ілесе көтерілуіне байланысты", - деді Ж. Нұрмахамбетов.

"Осындай жайттың барлығы отандық мұнай өңдеу зауыттарынан Қазақстанның ішкі нарығына жіберілетін жанар-жағармай көлемінің ағымдағы жылдың шілде айында ағымдағы жылдың мамыр айымен салыстырғанда 22%-ға азаюына алып келді", - деп атап өткен ол: "бұл әсіресе Шымкент мұнай өңдеу зауытына қатысы" екенін атап көрсетті.

Оның айтуынша, агенттік басшылығы PetroKazakhstan компаниялары тобының басшылығымен кездесу өткізіп, онда монополияға қарсы күрес органы тарапынан аталған заң бұзушылықтарды жоюға мерзім ұсынылған.

Өз кезегінде PetroKazakhstan компаниялары тобының өкілдері "уәкілетті орган тарапынан бекітілетін кесте бойынша мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу көлеміне қатысты әділетсіз көзқарас бар екенін жеткізді. Олардың айтуынша, PetroKazakhstan компаниялары тобымен салыстырғанда мұнайды үлкен көлемде өндіретін компаниялар оны мұнай өңдеу зауыттарына аз көлемде жеткізіп, өнімнің басым бөлігін экспортқа шығаруда".

Осыған байланысты "агенттік басшылығы ҚР ЭМРМ мен "Самұрық - Қазына" қорына аталған кемшілікті жою жөнінде ақпарат" жолдайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны