23.01.2013, 09:32 4250

Қазақстанда жем-шөп дақылдарының алқаптары ұлғайтылады

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында және жем-шөп, майлы, бұршақ дақылдары егілетін алқаптарды кеңейту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімдіктерінің, "ҚазАгро" холдингінің және "Қазагроинновация" акционерлік қоғамының арасында ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқаптарды әртараптандыру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған меморандумдар жасалды", деді М.Өмірияев.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімдіктерінің, "ҚазАгро" холдингінің және "Қазагроинновация" акционерлік қоғамының арасында ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқаптарды әртараптандыру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған меморандумдар жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ведомствоның селекторлық кеңесінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияев мәлім етті.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында және жем-шөп, майлы, бұршақ дақылдары егілетін алқаптарды кеңейту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімдіктерінің, "ҚазАгро" холдингінің және "Қазагроинновация" акционерлік қоғамының арасында ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқаптарды әртараптандыру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған меморандумдар жасалды", деді М.Өмірияев.

Оның айтуынша, 2013 жылы 21,3 млн га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда, бұл 2012 жылғы деңгейден 1% аз, ал көктемгі егістіктің алқабы 18,5 млн га құрайды.

Ал дәнді дақылдар 15,9 млн га алқапқа егіледі, оның ішінде 13,1 млн га жерге - бидай егілмек. Бидай алқаптарын 329 мың га (2,4%), күріш алқабын - на 6 мың га (6,5%) қысқарту жоспарланып отыр, есесіне жүгері егілетін алқаптар - 4,8 мың га, дәнді және дәнді-бұршақ дақылдар егілетін алқапты - 22 мың га арттыру жоспарлануда. Көкөніс алқаптары - 2,1 мың га, жем-шөп алқаптары -124,1 мың га артады.

Бүгінгі таңда 14 облыстың тек төртеуі ғана меморандумда қарастырылған ауыл шаруашылығы дақылдары себілетін алқаптардың индикативтік көрсеткіштері бойынша 2012-2016 жылдарға арналған стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға өзгертулер енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны