02.06.2008, 13:50 3132

Қазақстанда жыл басынан бері шағын және орта бизнес кәсіпорындарының шығарған өнімдерінің көлемі 1,5 еседен астам азайды

Қазақстанда жыл басынан бері шағын және орта бизнес кәсіпорындарының шығарған өнімдерінің көлемі 1,5 еседен астам азайды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл басынан бері шағын және орта бизнес кәсіпорындарының шығарған өнімдерінің көлемі 1,5 еседен астам азайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Осы жылдың бірінші тоқсанында шағын және орта бизнес кәсіпорындарының шығарған өнімдерінің көлемі 1,5 еседен астам азайды", -деп атап өткен министр бұл көлемнің 689 млрд теңгеден 437 млрд теңгеге дейін азайғанын нақтылады.

Оның айтуынша, өнім шығару көлемінің азаюына әсер еткен бір себеп - коммерциялық банктер тарапынан несиелендіру көлемінің қысқаруы болмақ. "Несиелендіру көлемінің азаюына сәйкес өнім шығару көлемі де соншалықты азайды деуге болады. Бұл әрине, белгілі бір шамада, ол түрлі салалар бойынша 1-3 кварталды құрайды", - деді В. Школьник.

Атап айтсақ, министрдің айтуынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында құлдырау 35-40%, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында - 20-30%, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарында 50%, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында 70 - 80% құраған.

"Ирине, бұл жерде маусымдық факторды да ескеру керек. Яғни, бірінші тоқсанда өткен жылғы төртінші тоқсанмен салыстырғанда өнім шығару көлемі ұдайы азаяды", - деді В. Школьник. "Біз осы маусымдық факторды да талдадық, ол өткен жылдары 20-30% ғана құраған, ешқашан 70-80% дейін төмендеу болмаған", -деді ол.

"Біз бұл ағымды өзгертпесек, ол әріқарай да солай жалғаса береді. Бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен салқынын тигізбек, өйткені, еліміздің Жалпы ішкі өнімаіндегі шағын және орта бизнестің алып отырған көлемін ескеру керек", - деді В. Школьник.

"Осыған байланысты барлық өңірлік әкімдіктер бизнес қауымдастықтардың қолдауымен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әрбір өңірдегі шағын және орта кәсіпкерліктің іс-қызметіндегі құлдырау себептеріне мұқият талдау жүргізу орынды деп санаймын. Шағын және орта бизнесті қолдаудың кезек күттірмес шараларын дәйектеп, бюджеттерді қайта қарап, бизнес құрылымдарды несиелендіру көлемін ұлғайту қажет", - деді индустрия және сауда министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны