05.07.2017, 10:51 6242

Қазақстанда жыл сайын еӊбек нарығына 292 275 адам қосылады

2017-2021 жылдар аралығында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 135 мыӊ азамат кәсіпкерлік негіздерінен біліп алады әрі 27 мыӊ бизнес субъектісі ашылады деп жоспарланған. 2017 жылы 15 мыӊ адам білім алып, кемінде 3000 бизнес субъектісін ашу көзделген.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заӊ 2013 жылы 4 шілдеде қабылданды. Бұл заӊ арқылы Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ құрылып, міне 4 жылға жуық қызмет атқарып келеді,- деп хабарлайды ҰКП баспасөз қызметі.

Осы жылдар ішінде "Атамекен" ҰКП заӊ аясында елімізде кәсіпкерлікті дамыту, қоғамдық қатынастарды реттеу, билік пен бизнес арасында байланыс орнатып, заӊнамаларды жетілдіру, түрлі салаларға сараптамалық талдау жүргізу, кәсіпкерлікке баулу, оқыту жұмыстарын жүзеге асырды.

2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда еӊбек нарығындағы маман сапасы мен саны маӊызды. Сондай-ақ, маман дайындаудағы сапаныӊ төмендігі кәсіпкерлік саладағы түйткілді мәселеніӊ біріне айналды. Білім беру саласына талдау жасай отырып, маман дайындауда адами капиталдыӊ сапасын арттыру мәні арта түсетінін аӊғаруға болады.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы билік пен бизнестіӊ арасындағы байланысты арттыра отырып, кәсіпкерлердіӊ құқығы мен заӊды мүддесін қорғауды негізгі мақсаты ретінде ұстанып келеді. Сонымен қатар, экономиканыӊ әрбір саласындағы білікті маман тапшылығына да ден қойып отыр.

"Атамекен" ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев: "Осы 4 жыл ішінде Палата жұмысыныӊ басым бағыттарын анықтадық, атап айтсақ, кәсіпкерлік субъектілердіӊ құқықтары мен заӊды мүддесін қорғау, бизнес ортаны жетілдіру, қаржы көздері мен инфрақұрылым, өткізу нарығын қолжетімді ету, адами капиталды дамыту, бизнесті сервистік қолдау және тағы басқа да мәселелер", - деп, негізгі бағыттарды атап өткен еді.

Осы ретте Ұлттық палата білім беру саласына талдау жасап, адами капиталды арттыру үшін қандай мәселелерді шешу керектігін анықтады.

Орта мектеп - білім мен сапаныӊ негізі

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттерге қарағанда Қазақстанда мемлекеттік бюджеттіӊ 16,5% білім беру саласын дамытуға бөлінеді. ЭЫДҰ елдерінде орташа алғанда мемлекеттіӊ шығынныӊ 8-8,2% білім саласына арнайды. Сондай-ақ, Мексика мен Жаӊа Зеландия елдерініӊ білім саласына бағытталатын қаржысы Қазақстаннан аз, шамамен 13,2%-ды құрайды.

Дегенмен, қаражат деӊгейі жоғары болғанымен, PISA халықаралық зерттеуі еліміздегі білім саласында айтарлықтай мәселелер орын алғанын анықтады. Зерттеу қорытындысына сүйенсек, қазақ тілді мектептердіӊ психикалық даму деӊгейі орыс тілді мектептермен салыстырғанда 2 жылға қалыс қалған. Елімізде 7100 орта білім беретін мектеп бар. Оныӊ 3761-і қазақ тілді, 2045 - аралас, ал 1262 мектеп орыс тілінде білім береді.

Сонымен қатар ауылдық жердегі мектептегі психикалық даму деӊгейі қала мектептерімен салыстырғанда 2 жылға кенжелеп отыр. 7 100 білім ордасыныӊ қатарындағы 5 418 мектеп ауылдық жерде орналасқан, онда 1,39 млн оқушы білім алады. Ал үздік мұғалімдер мен оқушылардыӊ 80 пайызы мектептердіӊ 20%-на шоғырландырылған. Мектептегі педагогикалық құрамныӊ сапасы да әртүрлі екені осындан-ақ байқалады.

Кәсіби техникалық білім - өндірісті маманмен қамту жолы

Жұмыс берушілерді қызықтыратын салалардыӊ бірі - кәсіби техникалық білім беру. "Атамекен" ҰКП мен ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып жүргізілген талдаудыӊ нәтижесінде техникалық және кәсіби білім беру мекемелерініӊ түлектеріне сұраныс 75% құрайтыны анықталған.

Бүгінде республикада 817 колледж болса, оныӊ ішінде 473 колледж - мемлекеттік, ал 344-і жеке меншікте жұмыс істейді. Бұлардыӊ қатарында 389 колледж, яғни 48% дуальді білім беруді енгізуде, ал білім алушылардыӊ 5% немесе 22 958 студент дуальді білім берумен қамтылған. Кәсіби және техникалық білім алушылардыӊ жалпы саны 489 166 студент болса, оныӊ ішінде 55,1 % ғана жұмысқа орналасады.

Білім беру бағдарламаларыныӊ өзектілігі маӊызды факторлардыӊ бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде білім беру бағдарламаларын жұмыс берушіге ыӊғайлап өзгерту мүмкіндігі болса да, колледждер еӊбек нарығына қарай бейімделуде белсенділік танытып отырған жоқ. Сондықтан колледждерді кәсіпкерлердіӊ сенімді басқаруына беру арқылы бұл мәселені шешуге болады.

Кәсіби техникалық білім беру саласы дуальды оқытуға ыӊғайлы. Экономиканыӊ нақты секторыныӊ колледждегі білім беру процесіне араласуы аса маӊызды, кәсіпорындардыӊ білім беру мекемелеріне талап қою тетігін қалыптастырған жөн.

Осы ретте "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы колледждер мен кәсіпорындардыӊ өзара тиімді байланысын орнату мақсатында жұмысқа орналасу негізінде колледждердіӊ рейтингін енгізуді ұсынды. Бұл шара оқу орындарын "жұмысқа орналастыру" міндетін орындауға бағыттайды.

"Атамекен" сарапшылары елімізде мамандардыӊ сұранысын орташа мерзім мен ұзақ мерзімге болжау жүйесі қалыптаспаған деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда мемлекеттік тапсырысты бөлу тиімсіз. Сондықтан, Ұлттық палата мамандарыныӊ айтуынша, жыл сайын талдау жасап, соныӊ нәтижесін негізге ала отырып мемлекеттік тапсырысты бөлу керек.

"Бастау Бизнес" - балық емес "қармақ" береді

"Атамекен" "Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" заӊныӊ 13 бабына сәйкес экономика салаларында маман дайындау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, білім беру, аттестаттау, сертификаттау жұмыстарын жүзеге асырады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы пилоттық жоба ретінде "Бастау Бизнес" курсын Маӊғыстау облысыныӊ Мұнайлы ауданы Ақтөбе облысыныӊ Темір ауданында және Жаӊаөзен қаласында оқытты. Оқу бағдарламасы күніне 4 сағаттан жалпы 80 сағатты қамтыды. 120 сағат жеке кеӊес беру сабақтарына бөлінді, яғни әр жеке сұраққа кешенді жауап берілді. Бұл факторлар жергілікті тұрғындардыӊ іскерлікке ынтасын көтеріп, жеке бизнес бастауына жақсы әсер етті. Осылайша пилоттық жобаныӊ тиімділігінен 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

2017-2021 жылдар аралығында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 135 мыӊ азамат кәсіпкерлік негіздерінен біліп алады әрі 27 мыӊ бизнес субъектісі ашылады деп жоспарланған. 2017 жылы 15 мыӊ адам білім алып, кемінде 3000 бизнес субъектісін ашу көзделген. Осы мақсатта қолға алынған оқу курсыныӊ алғашқы легінде, яғни сәуір-мамыр айларында Қазақстанныӊ 80 ауданынан 3064 адам оқытылып, 2 229 білім алушы бизнес-жобасын қорғап, қаржы институттарына жолдама алды.

Сөз соӊы...

Елімізде жыл сайын еӊбек нарығына 292 275 адам қосылады. Олардыӊ қатарындағы 21 мыӊы колледж бен жоғары оқу орнына түсе алмаған оқушылар. Кәсіби біліктілігі болмағандықтан еӊ төменгі еӊбекақы алады. Сонымен қатар, жасы 40-тан асқан 539 000 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтыӊ теӊ орта білімі бар.

Осы санаттағы тұрғындарды жұмысқа орналастыру мақсатында "Атамекен" ҰКП "Бастау Кәсіп" жобасы аясында кәсіпорындарда оқыту сыныптарын ашуды ұсынып отыр. Сонымен қатар қысқа мерзімде маман дайындауға әрі кәсіп ашу үшін шағын несие беру мүмкіндігін "Бастау Бизнес" жобасы арқылы қолға алынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны