02.04.2009, 16:09 2894

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімі екі жұмыс күніне дейін қысқартылды

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімі екі жұмыс күніне дейін қысқартылды

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімі екі жұмыс күніне дейін қысқартылды. Бұл туралы бүгін Иділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитеті төрағасының орынбасары Ғалия Жолдыбаева баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, енді жылжымайтын мүлікті тіркеу екі жұмыс күнінен аспайды. Тек бұл үшін өтініш иесі белгілі бір төлемдер жасауы тиіс.

"Жеделдетілген түрде мүлікті тіркеу және оған байланысты мәмілелерді атқару қызметі міндетті емес. Бұған дейін жоба қараша айынан бастап пилотты режимде Ақтау, Алматы, Көкшетау және Қостанай қалаларында енгізілді және халықтың оған деген сұранысының өте жоғары екендігін байқадық", деді Ғ.Жолдыбаева.

Осы уақытқа дейін аталмыш қалаларда жұмыс жасап келген қызмет түрінен түскен төлемдердің көлемі 21 млн. теңгені құраған.

"Экономикалық дағдарыс ахуалында жеделдетілген тіркеу жұмыстарына төленетін төлем ставкасы 30 пайызға төмендетілді. Егер бұрын ол 50 мың - 70 мың теңгенің шамасында болса, бүгінгі күні ол 35 мың теңге төңірегінде", деді ол.

Республика үкіметінің 2009 жылдың 30 наурызындағы №428 қаулысымен енгізілген жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеудің жеделдетілген қызметінің ставкалары бүгін күшіне енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны