24.01.2014, 19:55 17735

Қазақстанда ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 10%-ға төмендеді

Қазақстанда ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 10%-ға төмендету бойынша мақсатты индикаторға қол жеткізілді, деп ҚР ИЖТМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 10%-ға төмендету бойынша мақсатты индикаторға қол жеткізілді, деп ҚР ИЖТМ баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің мәліметі бойынша, 2015 жылға дейін ЖІӨ энергия сыйымдылығын 10%-ға дейін төмендету (ҮИИД МБ) мақсатты индикаторға 2014 жылдың басында қол жеткізілді", - делінген хабарламада.

Аталған көрсеткішті төмендету (ҮИИД МБ) еліміздің энергияны үнемдеу мемлекеттік саясатының дұрыстығын дәлелдейді. 2012 жылдың көрсеткішін 2008 жылмен салыстыратын болсақ, онда ол 13,5%-ға немесе 1,77-ден 1,53-ке мың АҚШ долларына дейін, 2000 ж. бағасымен өзгерді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациалық даму бағдарламасы аясында энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай 10%-ға, 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету көзделген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны