12.03.2010, 16:50 3878

Қазақстанда жоғары өнімділіктегі ет бағытындағы мал түлігі жоқ - Рау

Қазақстанда жоғары өнімділіктегі ет бағытындағы мал түлігі жоқ - Рау

Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда өндірілген етті сыртқы нарыққа шығаруға тежеу болып отырған фактор - жоғары өнімділіктегі ет бағытындағы мал түлігінің жоқтығы болмақ. Бұл туралы Қазақстанның 2014 жылға дейінгі серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мәселелері бойынша облыстар, Алматы және Астана қаласы әкімдерімен өткізген кеңесте Ақмола облысының әкімі Альберт Рау мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен Қазақстанның өз ет өнімімен сыртқы нарыққа, Кеден кеңістігіне ену мәселесіне тоқталып өткім келеді. Бүгінгі күні оған тежеу болып отырған фактор - жоғары өнімділіктегі ет бағытындағы мал түлігінің жоқтығы болмақ. Біз үкіметтен жоғары өнімді ет беретін аналық мал түліктерін елге әкелуге субсидия бөлуді сұраймыз. Біз нарыққа шығу стратегиясын жасауымыз керек. Ал Ресейге келетін болсақ, олар азық-түлік қауіпсізлдігі туралы стратегия қабылдады, біз де, мемлекет пен бизнес келісе әрекет етіп, сапалы Қазақстан етімен нарыққа шығуға тиіспіз", - деді А. Рау.

Икім бұған қоса бүгінгі күні Ақмола облысында "5 мың бас малға есептелген мал соятын бір алаң іске қосылғанын және басқалары да салынып жатқанын" атап өтті. "Жалпы облыс бойынша он шақтысын іске қоспақшымыз, ол - іске асады, оған "ҚазАгро" ақша бөледі", - деді А. Рау.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны