01.02.2011, 13:37 4147

Қазақстандағы инфляция қаңтар айында 1,7 пайызды құрады

Қазақстандағы инфляция қаңтар айында 1,7 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 1 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстандағы инфляция қаңтар айында 1,7 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, статистиктердің мәліметтеріне сәйкес, өткен айда бағаның өсуі нан және жарма өнімдеріне 1,1пайыз, ал қарақұмық жармасына - 18,6 пайыз, сөкке - 4,7 пайыз, арпаға - 3,2 пайыз, ұнға - 1,6 пайызға белгіленді. Баға деңгейі жеміске 3,2 пайыз, жаңа жиналған көкөніске - 12,1 пайыз, картопқа - 26,1 пайызға жоғарылады. Баға өсімі шикі сүтке 4,5 пайыз, ет және құс етіне - 4,2 пайыз, жұмыртқаға - 4 пайыз, май және тоңмайға - 2,8 пайыз, қантқа - 2,2 пайыз, ірімшік және сүзбеге - 2 пайызды құрады.

"Баға дизель отынына 2,6 пайыз, бензинге - 2,5 пайыз, қатты отынға - 0,8 пайыз, фармацевтика өнімдеріне, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,5пайыз, киім мен аяқ киімге - 0,4 пайыз, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,3 пайызға өсті", - деп атады ведомство.

Жолаушылардың темір жол көлігі қызметтеріне 2,2 пайыз, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарына - 0,8 пайыз, пошта, мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтеріне - 0,6 пайыздан, денсаулық сақтау қызметтеріне - 0,5 пайызға қымбаттады.

Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер ыстық суға 0,9 пайыз, орталықтан жылыту және суық суға - 1,2 пайыздан, кәрізге - 1,7 пайыз, қоқыс жинауға - 4 пайыз, электр энергиясына - 6,7 пайыз өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны